USD
USD
USD

Нысана көздеуден қазақстандық қыздар Әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз топ жарды, деп хабарлайды Хабар-24.

Нысана көздеуден қазақстандық қыздар Әлем чемпионатында алтын жеңіп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 метрдегі жылжымалы нысананы көздеуде Қазақстан командалық сында жеңіске жетті. Фатима Ирназарова,  Зухра Ирназарова және Александра Садуақасова үштігі 1686 ұпай жинады. Бұл дүнижүзілік біріншілік тарихындағы ең үздік нәтиже саналады. Ал жекелей сында Фатима Ирназарова 572 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.

Қазір ұлттық құрама қоржыныдағы медаль саны 6-ға жетті. Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін 2 алтын 4 күміс жеңіп алды. Әлем чемпионаты 25-ші шілдеге дейін жалғасады. Ел намысын 12 спортшы қорғап жатыр. Жасөспірімдер арасындағы әлемдік аламанға 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты