USD
USD
USD

Нысана көздеуден Азия кубогы: Қазақстан алты алтын медальға қол жеткізді

Бангкокта (Таиланд) нысана көздеуден Азия кубогы өтуде. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды.

Нысана көздеу
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Турнирдің аяқталуына бірнеше күн қалғанда, біздің спортшылардың қоржынында 13 жүлде бар.

Алтын медаль иегерлері: Елизавета Безрукова, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, аралас жұп); Ислам Сатпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, командалық жарыс); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату); Никита Шахторин, Константин Малиновский, Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, командалық жарыс, жатып ату); Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай); Юрий Юрков, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай, командалық жарыс).

Күміс жүлде иегерлері: Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова, Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс); Валерий Рахимжан (пневматикалық тапанша); Ислам Сәтпаев (пневматикалық винтовка, 10 метр); Никита Чирюкин (жылдам ату тапаншасы); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай).

Қола жүлдеге ие болған спортшылардың қатарында Александра Ле (пневматикалық винтовка, 10 метр); Никита Шахторин (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату).

Айта кетейік, Бангкоктағы жарыстар әлі жалғасуда. Турнирде әртүрлі жас санаттары бойынша да жүлделер сарапқа салынады. Азия кубогы 22 ақпанда аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық