USD
USD
USD

Нипах вирусы: дәрігерлер сапарға шығатын қазақстандықтарға ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Оңтүстік-Шығыс Азияның эндемиялық елдеріне сапарлауды жоспарлаған қазақстандықтарға бірқатар кеңес берді.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Нипах вирусының алдын алу және оның әкелінуіне жол бермеу үшін туристерге дәрігерлердің кеңесіне құлақ түру ұсынылды.

Атап айтқанда:

  • жарқанаттармен, шошқалармен және басқа да жануарлармен байланыстан аулақ болу;
  • жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептиктерді қолдану;
  • тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану;
  • шикі құрма шырынын ішпеу және жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбау;
  • жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуу және тазалау.

«Ауру белгілері, мысалы, жоғары температура, жөтел немесе қатты бас ауруы пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет», – деп ескертеді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында бұл вирусты жұқтыру немесе оны шетелден әкелу жағдайлары тіркелмегенін хабарлаған еді. Дегенмен сақтық шарасы ретінде мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.

Қазір оқып жатыр

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.