USD
USD
USD

Никол Пашинян өз жақтастарын алаңға шығуға шақырды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз жақтастарын 1 наурызда алаңға шығуға шақырды. 

Никол Пашинян өз жақтастарын алаңға шығуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ол Фейсбуктегі өз парақшасында жазған. Айтуынша, бұл күні Еревандағы Республика алаңында шеру өтеді. Еске сала кетсек, 25 ақпанда Армения Қарулы күштерінің Бас штабы премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Осыдан кейін елде Пашинян қарсыластары мен жақтастарының шерулері өтті.

Премьер-министр елдегі жағдайды асқындырмау үшін жақтастарын таратты. Алайда оппозиция өкілдері райынан қайтпады. Ал Қорғаныс министрлігі саяси дауға қарулы күштерді араластырмауды талап етті. Бұл мәлімдеме министрлік сайтында жарияланды. 

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты

Дрон шабуылы: Қазақстан энергетика нысандарындағы қорғаныс жүйесін күшейтпек

Электр энергетика

Оңтүстік Кореяда Орталық Азия елдерінен барған азаматтардың жаппай төбелесі тергеліп жатыр

Оңтүстік Кореядағы төбелес

Семей жылу беру маусымына дайын болмай шықты: Бектенов кімді жазалауды тапсырды?

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес