USD
USD
USD

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды

Армения Президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президенттің жарлығы конституциялық талапқа негізделген, оған сәйкес республика үкіметінің басшысы болып парламенттік көпшілік ұсынған кандидат тағайындалады. 

2 тамызда кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы бойынша құрылған 8-ші шақырылымның Ұлттық жиынының бірінші отырысы өтіп жатыр. Парламенттік көпшілікті құрайтын «Гражданский договор» парламенттік фракциясы премьер-министр кандидатурасына өзінің көшбасшысы – Никол Пашинянды ұсынды. Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, ел Президенті жаңадан сайланған Ұлттық жиынның өкілеттік мерзімі басталысымен премьер-министр ретінде парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты тағайындайды.

«Конституцияның 149-бабының 1-бөлігін негізге ала отырып, Никол Пашинян премьер-министр болып тағайындалсын», - делінген Армения Президенті жарлығының мәтінінде.

Еске сала кетейік, Арменияда 20 маусымда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Сайлауда «Гражданский договор» партиясы жеңіске жетті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Армения Министрлер кабинеті премьер-министр тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park