USD
USD
USD

Нығматулиннің зауыты жарылыс болғаннан кейін апат туралы төтенше жағдайлар қызметкерлеріне хабарламаған

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықбаев мәлімдеді. 

темір
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Парламент Мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің егіз інісі – Мәжіліс пен Сенаттың бұрынғы депутаты Ерлан Нығматулинге тиесілі YDD Corporation ферроқорытпа зауыты екі сағат бойы төтенше жағдайлар қызметіне апат туралы хабар бермеген және құтқарушыларды ішке кіргізуден бас тартқан.

«Төтенше жағдай таңғы сағат 04:10-да болған, өкінішке қарай, хабарлама бізге екі сағаттан кейін, яғни 6.08-де келді. Азаматтық қорғау туралы республикалық заңнамаға сәйкес, бұған жол беруге болмайды және мұндай бұзушылықтар заң бойынша жауапкершілікке тартылады», - деді Сыздықбаев үкімет отырысында.

Ол бұл факті бойынша 200 АЕК (738,4 мың теңге) көлемінде айыппұл салумен әкімшілік іс қозғалып, қазір іс сотта екенін мәлімдеді.

Зауыт қызметкерлері төтеншеліктерді апат болған жерге кіргізбей қойған.

«Зауыт қызметкерлері құтқарушыларды кіргізбеуге тырысқан. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Айта кететін мәселе, Қазақстан аумағындағы барлық мекемелер төтенше жағдай орын алған кезде өз мекемесінің ішіне біздің құтқарушыларды кіргізуге міндетті. Сондықтан, зауытқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, оларға 200 АЕК айыппұл салынады», - деді Сыздықов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар