USD
USD
USD

Нығматулин, Мамин, Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Бас прокуратура жауап берді

Нұрлан Нығматулин, Асқар Мамин және Бауыржан Байбектің жұрт көзінен кеткеніне біраз болды. «Төбедегі үшеу» көзден кеткенімен, «көңілден» кеткен жоқ.

Нығматулин, Мамин, Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Бас прокуратура жауап берді
Фото: NEGE.kz

Қайбір күні Мәжілістің бұрынғы төрағасы Н.Нығматулин «ешқайда кетпегенін» айтып, ақталғандай болған. Б.Байбекті «Нұр Отанның» соңғы үлкен жиынынан бері көрмедік. Ал экс-премьер А.Мамин қаңтардың басында отставкаға кеткелі бері мүлдем төбе көрсетпеді.

Жұртшылық іздейтіндей де бар. Содан да болар бұл үшеуіне қатысты абың-күбің әңгіме басылар емес. «Қылмыстық іс қозғалыпты...», «Қашып кетіпті...», «Келіскен көрінеді...» деп көпіртеді көпшілік.

Біз Бас прокурор Берік Асыловтың атына ресми сауал жолдап, Нығматулин, Мамин және Байбекке қатысты бірнеше сұрақ қойғанбыз. Сұрақтарымызға Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының міндетін атқарушы Б.Мажреновтен жауап келді.

«Сіздің Н.Нығматулин, А.Мамин және Б.Байбекке қатысты ақпарат беру туралы сұрауыңызға келесіні хабарлаймыз.

«АЖО СДТБТ» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты тіркелген қылмыстық істер жоқ.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға қойылған шектеу туралы мәселе бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жүгіну қажет», – деп жауап берді Б.Мажренов.

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Д.Ділманов кеше ғана отставкаға кетті. Сол себепті «төбедегі үшеуге» қатысты ресми сауалды ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың өзіне жолдадық.   

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі