Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нығматулин: Халықты шатастырып болдыңдар!

Үкімет сәуір айында 2 миллион қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алады деп жоспарлады. Алайда, көрсеткіш әлі жартысына да жетпеген. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бүгін министрлер кабинетін осылай деп сынға алды, деп хабарлайды 24.kz

Нығматулин: Халықты шатастырып болдыңдар!
Фото: NEGE.kz

.

Нұр-сұлтан, NEGE. Палата төрағасының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі екпе алғандар тізімін дұрыс жүргізбей келеді.

«Вакциналанғандар саны әдейі арттырылып, яғни 1 жарым миллион деп көрсетіледі. Анығында екпенің екі дозасын тек 400 мың адам қабылдаған. Ал министрлік тек бірінші компонент алғандарды жалпы тізімге қосып жіберген. Халықаралық тәжірибе бойынша бұл – қате. Жоспар бойынша күзге дейін елде 6 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе қабылдайды. Бұған қоса, Денсаулық сақтау министрлігі бірінші және екінші дозаны қабылдау мерзімін нақты айтпады. Сала басшысы 45 күн десе, орынбасарлары бірде 90, енді бірде 21 күн дейді. Салдарынан халықты шатастырып болдыңдар», – деді Мәжіліс төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық