USD
USD
USD

Нығматулин: Фонограммамен айтылатын ән алдын ала хабарлануы керек

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті.

Нығматулин: Фонограммамен айтылатын ән алдын ала хабарлануы керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда депутаттар Мәдениет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді мақұлдады.

Заң жобасындағы жаңашылдықтың бірі мәдени іс-шараларды ұйымдастырушылардың музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограмманы қолдануы туралы көрермендерге хабарлау талабына қатысты. Құжат жобасы бойынша концерт ұйымдастырушылар фонограмма туралы алдын-ала хабарлауы міндетті болады.

Осы ретте, фонограмма мәселесіне қатысты халықаралық тәжірибені алға тартқан Мәжіліс Төрағасы депутаттар ұсынған фонограмманы қолдану туралы ұйымдастырушылардың көрерменге хабарлау міндеттемесін белгілейтін норманы қолдады.

- Егер заң жобасының үкіметтік нұсқасында фонограмманы пайдалану туралы ақпараттандыру міндеттемесі ұйымдастырушы мен орындаушылар арасында айқын болмаса, онда депутаттар нақтылауды ұсынып отыр. Біріншіден, бұл ұйымдастырушының міндеті. Екіншіден, ұйымдастырушы алдын-ала концертте фонограмманың болатыны-болмайтыны туралы көрерменге хабарлауға міндетті, - деді Нұрлан Нығматулин.

Фонограммаға қатысты сөзін қорытындылай келе:

- "Қисық арба жол бұзады", - деп қазақ халқымыз айтқандай, өнер әрқашанда таза болу керек. Әнді жанды дауыста айтқаны дұрыс. Ал, фонограмма болса оны алдын-ала ескерту қажет. Және билеттің бағасы да соған сәйкес болу керек. Одан кейін, халық өзі шешеді, ол концертке бара ма, бармай ма? Әрине, концерт жанды дауыста болса әншіге халықтың бағасы да, құрметі де жоғары болады, - деді Нұрлан Нығматулин.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.