USD
USD
USD

Нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан арудың сыңсуы елді жылатты (видео)

10 қазан күні нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан Құлсары тұрғыны Заида Жаңабаеваның ұзату тойы желіде талқыға түскен болатын. Көп ұзамай Заида ұзату тойындағы сыңсу әнін жария етті.

Нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан арудың сыңсуы елді жылатты (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заида «Теңіз Шевройл» компаниясында аудармашы болып қызмет етеді. Жақында 30 жасқа толған ол өз бақытын тауып, Нигерия азаматымен шаңырақ көтерген болатын. БАҚ жазуынша, Заиданың күйеуі Атырауда ағылшын тілінен сабақ береді.

Заиданың ұзатуда айтқан сыңсуы желіде жарияланды. Роза Әлқожа жазған бұл әннің негізгі орындаушысы – талантты дәстүрлі әнші Айбала Өсиетқызы.

Айбала да жақында Атырауға ұзатылып, сол әнді өз тойында орындаған болатын. Көпшілік жылы қабылдаған сыңсу әнді Заида да орындады. Тойға жиналған қауым көзіне жас алып, ата-анасының көңілі босаған. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ