USD
USD
USD

Нигерияда қайық аударылып, 76 адам қаза тапты

Нигерияда қайық аударылып салдарынан 76 адам қайтыс болды. Аман қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нигерияда қайық аударылып, 76 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Телеарна ақпаратына сүйенсек, оқиға Кебби шатының солтүстік-батысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ағаш қайық шамадан тыс салмақты көтере алмай аударылып кеткен. Онда екі жүзге жуық жолаушы болған.

"Достарымның батып бара жатқанын көргенде, оларға көмектесу үшін орамалымды тастадым. Көмектесуге тырыстым, бірақ өкінішке қарай олар қаза тапты. Оқиға орнында дүрбелең болды. Мен тек бір адамды құтқара алдым. Оны арқама жатқызып шығарып алдым", - деді аман қалған жолаушылардың бірі.

Оқиғадан кейін ел Үкіметі адамдарды тасымалдау ережелерін қатаңдату туралы шешімін жариялаған.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай