USD
USD
USD

Нигерияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Нигерия астанасы Абуджи қаласының әуежайы маңында барлаушы ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды  BBC агенттігі.

Нигерияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өкінішке орай бортта болған барлық 7 әскери қызметші қаза тапты», – делінген Нигерия әскери-әуе күштерінің Twitter парақшасында жарияланған ақпаратта. Бұған дейін, Nigerian Tribune газеті алты адамның қаза тапқандығын хабарлаған болатын. Нигерия Әскери-әуе күштерінің Beechcraft King Air 350i турбиналы-винтті екі қозғалтқышты ұшағы Абуджи халықаралық әуежайынан ұшып шыққан кезде апатқа ұшыраған болатын.

Ұшақ Нигер штатындағы Минна қаласына бет алған еді. Нигерия Авиация министрі Хади Сириктің айтуынша, ұшақтың екі қозғалтқышының бірі істен шыққан. Нигерияның Vanguard газеті оқиға куәгерлерінің сөзін келтіреді. Куәгерлердің айтуынша, ұшқыш ұшақты тұрғын үй алаптарынан бұрып әкетіп, жазық далаға құлаған және толықтай жанып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты