USD
USD
USD

Нигерия азаматы полицейге пара бермек болды

Нигерия азаматы Маңғыстау облысының аумағында кедергісіз жұмыс істеу және заңсыз қызметін жүзеге асыру үшін көші-қон полициясының қызметкеріне пара беруге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нигерия азаматы полицейге пара бермек болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ротаның заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жасағының (СОРБНМ) аға инспекторы Қуат Қанбаев ақшадан бас тартып, бұл факті туралы Өзіндік қауіпсіздік басқармасына баяндады. Шетелдік ұсталды. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді. Осыған ұқсас факт екінші полиция қызметкерімен де болды. Оған пара ретінде 200 мың теңге беруге тырысты. Полиция қызметкері бірден ақшадан бас тартып, ӨҚБ-на жүгінді. Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Ж.Бақтыбаевтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттерін атқару барысында жедел түрде қырағылық танытып және халықтың алдында полицияның беделін көтеруге қосқан үлесі үшін полиция қызметкерлері марапатқа ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны