USD
USD
USD

Нидерландта карантин желтоқсанға дейін созылуы мүмкін

Нидерланд денсаулық сақтау ұлттық институтының (RIVM) мәліметінше, елде өткен тәулікте 8141 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген. 

Нидерландта карантин желтоқсанға дейін созылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауруханаға жатқызылған науқастар саны 15-тен 1568-ге дейін көбейді, оның 352-і қарқынды терапия бөлімінде ем алып жатыр. Коронавирустан 28 адам қайтыс болды. Осылайша, кейінгі аптада Нидерландтағы орташа тәуліктік өлім көрсеткіші – 24. Өкінішке қарай, бұл сан өткен аптамен салыстырғанда жетеуге артық. Коронавирусқа шалдыққандар ең көп анықталған аймақ – Амстердам. Онда 683 адам тіркелген.

RIVM институтының вирусологы Яап ван Диссель жергілікті телеарналардың бірінде Нидерланд үкіметі осы аптада енгізген ішінара оқшаулау шарасы 2020 жылдың желтоқсанына дейін созылуы мүмкін екенін хабарлады. «Егер есептеу жүргізетін болсақ, КВИ өсімі ұзаққа созылуы мүмкін, көрсеткіштер де жоғары болады», - дейді вирусолог. «Бұл жағдайдың қаншалықты ұзаққа созылатынын болжауға болады, бірақ биыл желтоқсан айына дейін ұзаруы мүмкін екенін нақты айта аламыз», - деп сенімді айтты Я.Диссель.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы