Нидерланды жоғарғы соты Стати ісі бойынша Қазақстанды қолдап шешім шығарды
Стати ісі шеңберінде Нидерланд Корольдігінің Жоғарғы Соты Қазақстанды қолдап KMG Kashagan B.V. компаниясындағы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның акцияларына уақытша тыйым салу бойынша шешімді қайта қарау туралы шешім шығарды, деп хабарлады ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметі
.
Алматы. NEGE. «2020 жылғы 18 желтоқсанда Нидерланд Жоғарғы Соты Стати мен Қазақстан Республикасы арасындағы даумен байланысты KMG Kashagan B.V. компаниясындағы "Самұрық-Қазына" АҚ акцияларына тыйым салуға қатысты жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде Амстердам Апелляциялық сотының 2019 жылғы 7 мамырдағы шешімінің күшін жойды», - делінген жексенбіде таратылған хабарда.
Нидерланды Жоғарғы Соты Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекеттердің юрисдикциялық иммунитеттері және олардың меншігі туралы Конвенциясының 19 (С) бабына сүйене отырып, бұл ереже әдеттегі халықаралық құқықты көрсететінін анықтады.
«Осылайша, Жоғарғы сот істі қайта қарауға Гаага апелляциялық сотына жіберді. KMG Kashagan B.V. компаниясындағы “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ акцияларына тыйым салудың заңдылығы Гаага апелляциялық сотымен қайта қаралатын болады. Қазақстан Республикасы Гаага апелляциялық соты тыйым салуды заңсыз деп санап, оның күшін жоятынына сенімді», - деді әділетмині.
Естеріңізге сала кетейік, Молдова олигархтары Анатол мен Габриэль Стати Қазақстанға қарсы олардың мүлкін рейдерлік жолмен тартып алды деген айыппен 2010 жылы сотқа жүгінген - қазақстандық тарап бұл айыптарды жоққа шығарады. Сонымен бірге Ұлттық қордың активтеріне қызмет көрсететін Bank of New York Mellon кастодиан банкі 2017 жылғы желтоқсанда 22 миллиард доллар көлемінде Қазақстан Ұлттық қорының активтерін қатырып тастады. Қазақстанның Әділет министрлігі 2020 жылдың сәуірінде тыйым салынған мүлік мөлшері 530 миллион долларға дейін азайтылғанын хабарлады.