USD
USD
USD

Нидерланд құрамасына бас бапкер тағайындалды

Рональд Куман футболдан Нидерланд құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нидерланд құрамасына бас бапкер тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нидерланд футбол одағы бас бапкермен келісімшартты 2026 жылғы әлем чемпионатына дейінгі уақытқа жасады.

Рональд Куман ұлттық құрамаға бұған дейін 2018-2020 жылдар аралығында жетекшілік етті. Оның жетекшілігімен нидерландылық футболшылар 2018/2019 жылғы Ұлттар лигасы финалында ойын көрсетті.

Сондай-ақ, ол ұлттық құрамадан басқа Испанияның «Барселона», «Валенсия», Англияның «Эвертон» және өзге клубтарда бапкерлік қызмет атқарды.

Еске салсақ, Нидерланд құрамасы Қатар жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/4 финалында Аргентинаға пенальтиден жол берді. Одан кейін ұлттық құрама бас бапкері Луи ван Гал қызметінен кетті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру