USD
USD
USD

Нидерланд құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Нидерланд құрамасы футболдан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нидерланд құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нидерланд футболшылары мундиальдағы алғашқы матчін Сенегал құрамасына қарсы өткізді. Африкалық команданың жұлдызы Садио Мане жарақатына байланысты турнирден шет қалған болатын.

Соған қарамастан Сенегал құрамасы кездесу соңына дейін 0:0 есебімен ұстап тұрды, Нидерланд командасына қарағанда қауіптірек шабуылдады.

Ойын тағдыры матч соңына қарай шешілді. 84-минутта Коди Гакпо айып алаңына асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттады. Бұл нидерландтық футболшылардың қақпаға дәл жасалған алғашқы соққысы болатын.

Ал кездесудің бітуіне 20 секундтай қалғанда Дэви Классен матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 2:0, Сенегал сенсация жасауға өте жақын болған, бірақ жеңіліп қалды.

Командалар келесі матчін 25 қарашада өткізеді. Нидерланд мен Эквадор топтағы бірінші орынға таласады. Ал Сенегал турнир қожайыны Катармен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова