USD
USD
USD

Нидерланд ӘЧ ширек финалына берілген алғашқы жолдамаға қол жекізді

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға шыққан алғашқы құрама анықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Нидерланд ӘЧ ширек финалына берілген алғашқы жолдамаға қол жекізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған кездесуде Нидерланд және АҚШ құрамалары шеберлік байқасты.

Кездесу барысында нидерландтық құрама шабуылға көбірек шықты. Бірінші кезеңде олардың тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды.

Осындай сәттердің бірінде Мемфис Депай 10-минутта есеп ашса, Дейли Блинд 46-минутта есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде американдық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды.

Ойынның 76-минутында америкалық Саджи Райп есеп айырмасын қысқартты. Ал 81-минутта нидерландтық Дензел Думфрис 81-минутта мергендік танытты.

Осылайша Нидерланд қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.

Екі құрама бұған дейін алты мәрте кездесті. Оның бесуінде нидерландтық футболшылар жеңіске жетсе, біреуінде американдық құрама басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталған.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова