USD
USD
USD

«Nickelodeon» балалар телеарнасы қазақ тілінде мультфильмдер көрсете бастады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі балалар жылында былтырдан бастап «Nickelodeon» және «TiJi» каналдарымен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық орнатты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров хабарлады.

«Nickelodeon» балалар телеарнасы қазақ тілінде мультфильмдер көрсете бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің кабельдік операторлары осы арналарды қазақша көрсете басталды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуына әрқайсымыз жауаптымыз. Негізі балалардың тәрбиесі тілден басталады. Неге «Nickelodeon» және «TiJi» каналдары таңдалды? Бұл қазақ тілінде мультипликацияны көрсететін бәсекелестікті дамыту мақсатында жасалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша, негізінен қазақ тіліндегі контент, балаларға арналған мультфильмдер көрсетілетін «Балапан» арнасы 1-орында, содан кейін «Nickelodeon» және «TiJi», «Cartoon Network», «Карусель», «Малыш» арналары тұрғаны анықталды. Айта кетейік, «Nickelodeon» мен «TiJi» арналары әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке бейімделген. Бүгінде «Nickelodeon» арнасы 180, «TiJi» - 20 елде таратылады. Қазіргі уақытта мультфильмдерің 800 жуық сағаты қазақ тіліне аударылды», - деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі