USD
USD
USD

New York Times Алматыны 2024 жылғы ең үздік туристік бағыттар тізіміне енгізді

The New York Times жаңа жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның дәстүрлі тізімін жариялады.

New York Times
Фото: New York Times

Алматы, NEGE. Танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы тізімде 25 орында тұр. Редакция жазғандай:

«Алматы екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қаласы, сонымен қатар бейбіт, белсенді шахар. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық өмірінде айқын көрінеді. Ұн, су және етке негізделген «нео-номадтар» асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылған; оны AUYL немесе TÖR мейрамханаларынан табуға болады. Lanzhou Noodle мейрамханасы қытай тағамдарын, ал Sensilyo Coffee немесе JumpinGoat кафелері – керемет кофе ұсынады. Көк базардағы жемістер мен жаңғақтардан дәм татыңыз, содан кейін жақында кеңестік дәуірі ғимаратында ашылған үлкен азық-түлік базарында PlatformA-ға барыңыз».

«Қазақстан соңғы жылдары әлемдік БАҚ рейтингіне жиі ілігіп келеді және New York Times тізіміне ену туристердің біздің елімізге деген қызығушылығының артып келе жатқанын анық білдіреді», - ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алматы – бұл рейтингке енген аймақтағы жалғыз қала. Бұған дейін 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында осы тізімге енгізілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Табыс

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Күдікті

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Сарбаз

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді

ҚазҚСҒЗИ