USD
USD
USD

Netflix актерлерді вакцина алуға міндеттеді

Америкалық Netflix компаниясы студиялық жобаларға түсетін актерлерге және олармен байланыста болатындарға вакцина салуды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Netflix актерлерді вакцина алуға міндеттеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Netflix – Голливудта коронавирустың тарауына қарсы күрес бойынша міндетті шара енгізген алғашқы студия.

Басылым мәліметінше, компанияның жаңа бұйрығы түсірілім тобының мүшелеріне де қатысты. Вакцина алған актерлерді және бүкіл топты жұмысқа қайтару туралы хаттамалар өткен аптада Голливуд кәсіподақтарымен және ірі киностудиялармен келісілген.

Netflix-тің міндетті вакцинация енгізу туралы шешімі COVID-19-дың төртінші толқынымен, АҚШ-та «дельта» штамының таралуына байланысты. Джонс Хопкинс университетінің федерал және жергілікті билік органдары, сондай-ақ БАҚ және басқа да ашық ақпарат көздерінің соңғы мәліметіне сәйкес, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 34,6 миллионнан асады, 611 мыңнан аса адам коронавирустан қайтыс болған.

Айта кетейік, Netflix 1997 жылы құрылған, штаб-пәтері Лос-Гатоста, Калифорнияда орналасқан. 2013 жылдан бастап Netflix жеке фильмдерін, телешоулары мен телебағдарламаларын шығарумен айналысады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.