USD
USD
USD

Несие төлегісі келмеген Ақмола тұрғыны полицейлерге алаяқтық туралы хабарлаған

Ақмола тұрғыны өз атына несие рәсімдеп, полицейлерге алаяқтық туралы хабарлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz..

Несие төлегісі келмеген Ақмола тұрғыны полицейлерге алаяқтық туралы хабарлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 15 қыркүйекте Астрахан ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Айтуынша, 7 ақпанда микроқаржы ұйымы арқылы белгісіз тұлғалар оның атына 152 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Астрахан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің өзі осы микрокредиттік ұйымда өз атына онлайн-несие рәсімдегенін, оған қатысты алаяқтық әрекеттер ешкіммен жасалмағанын және қандай да бір мүліктік зиян келтірілмегенін анықтады. Тергеу барысында ауыл тұрғыны бұл әрекетін мойындады.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК 419-бабы “Көрінеу жалған сөз жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов