USD
USD
USD

Несие тарихының нашар болуы зейнетақы жинағын пайдалануға әсер ете ме?

Әртүрлі себептермен бір кездері несиесін жаппаған азаматтарға зейнетақы жинағы берілмеуі мүмкін бе? Тілшілердің бұл сұрағына Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова жауап берді.

Несие тарихының нашар болуы зейнетақы жинағын пайдалануға әсер ете ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Нашар несие тарихы бір реттік зейнетақы төлемін беруден бас тартуға себеп болмайды. Бұл жағдайлар бір-біріне мүлде байланысты емес. Екінші кезеңде, яғни қаражат сіздің арнайы шотыңызға түскеннен кейін егер мақсаттардың бірі - жаңа ипотекалық несие алу болса, онда сіз екінші деңгейлі банктерге ең қолайлы жағдайларды іздеуге барасыз. Дәл сол кезде көбі (банктердің) сіздің қарыздарыңызды бұған дейін қалай төлегеніңізді талдауы мүмкін», - деп түсіндірді ол.

Ал «Отбасы банк» туралы сөз қозғаған Ләззат Ибрагимова бұл мәселеде өзі жетекшілік етіп отырған банктың саясаты қандай екеннін де айтып өтті.

«Егер өтінім берер алдында бір күн бұрын ғана басқа банк алдындағы мерзімі өтіп кеткен несиені жапсаңыз, екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынасыңызға біз қарамаймыз. Біздің нарықтық бағдарламаларға сәйкес, қарызды төлегеннен кейін, біз жаңа проблемалық қарыздар туралы басқа оқиғалар болмас үшін үш ай күтеміз. Бұл жағдайда, сіз басқа банктегі қарызыңызды төлегеннен кейін 90 күн өткен соң, сіздің несие тарихыңызда мәселе туындамайды», - деп қосты Ләззат Ибрагимова.

Қазір оқып жатыр

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

Отбасы банк

Мұнайға инвестиция салмақ болған ақтөбелік бойжеткен 4,3 млн теңгесінен айырылған

Алаяқтық

Kaspi.kz медициналық ұйымға тіркелу қызметін іске қосты

Kaspi.kz