USD
USD
USD

Несие беру талаптары күшейтіледі

Биыл несие беру талаптары күшейтіледі. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

Несие беру талаптары күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл агенттік тұтынушылық кредиттер нарығын тағы бір зерделеп шығады. Соның нәтижесінде қосымша талаптар енгізіледі.

"Соның ішінде сыйақы мөлшерлемесін шектеу шаралары да бар. Одан кейін микроқаржы мен коллекторлық ұйымдарды реттеу жағы да күшейтіледі", - деді Әбдірахманов сенат отырысында.

Оның айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде 28 микроқаржы ұйымы мен 37 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды.

"Биыл микроқаржы ұйымдары бойынша онлайн кредит беру мәселесіне баса назар аударылады. Бұр ретте кредит беру талаптары ғана емес, қарыз алатын адамдардың идентификациясына қатысты талаптар да күшейтіледі. Негізгі мақсат – алаяқтық жолмен кредит беру фактілеріне жол бермеу", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған