Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Несие алушылар көбейді

Соңғы 10 жыл ішінде ел экономикасын несиелендіру 1,8 есе, ал тұтынушылық несие алу 7 есеге өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірген «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры Қуаныш Бейсенғазин айтты.

Несие алушылар көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Экономикалық кредит құрылымындағы тұтынушылық несиенің үлесі 2010 жылғы 8% болса, биыл бұл көрсеткіш 30%-ға жетті. Алдағы уақытта тұтынушылық кредиттердің саны артса, онда оны өтеу қиынға соғады. Себебі қазіргі таңда әлемдік дағдарыс салдарынан халықтың табысы төмендеді. Сондықтан ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құру кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ несиелер бойынша шекті мөлшерлемелерді есептеуге және төмендетуге ықпал ететін болады», – деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры Қуаныш Бейсенғазин.

Бұдан бөлек, «Экономикалық зерттеулер институтының» сарапшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру бастамасы уақтылы қабылданған шешім екенін атап өтті.

«Әлемде болып жатқан дағдарыс Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймады. Сондықтан Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру туралы шешім бүгінде орынды. Оның негізгі функциясы - әлемдік тәжірибені зерттеу, сараптама жасау және стратегиялық құжаттардың іске асырылуын бақылау. Аталған орган Президентке тікелей бағынатын болады. Бұл өз кезегінде маңызды шешімдерді тез арада қабылдауға және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ төрағасының кеңесшісі Перизат Омарова.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.