USD
USD
USD

Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқан Ресей азаматы Қазақстанда тұрған және жүкті болған

Непалда ондаған адамның өмірін қиған ұшақ апатында Қазақстанда тұрған әйел көз жұмды. Ол жүкті болған, - деп хабарлайды КТК.

Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқан Ресей азаматы Қазақстанда тұрған және жүкті болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 33 жастағы Ресей азаматы Елена Бандуро тревел-блогер және SMM маманы болған.

Бандуро соңғы бірнеше ай Қазақстанда тұрып, қашықтан жұмыс істеген. Кейде жұмыс бабымен шет елдерге шыққан.

Апатқа дейін Бандуро туыстарына өзінің жүктілігі туралы айтыпты. Елена Непалға жұбайы Максимге бара жатқан. Ал ұшаққа отырмай тұрып әлеуметтік желіде соңғы суретін жариялаған.

Yeti Airlines әуекомпаниясының ATR 72 жолаушылар ұшағы жексенбі таңертең құлады. Лайнер Катмандудан Покхара қаласына ұшып бара жатқан. Алайда қонар сәтте өрт шығып, өзен маңына құлаған.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия