USD
USD
USD

Непалда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 157-ге жетті

Непалда жер сілкінісінен опат болғандар саны 157-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар24».

Непалда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 157-ге жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тағы 187 тұрғын жараланған. Табиғи апат аумағында іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Жергілікті билік жапа шеккендер саны артуы мүмкін дейді. Осыдан 2 күн бұрын Непалдың солтүстік-батысында 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы осы елдің астанасы Катмандудан 500 шақырымдай жерде тіркелген. Жалпы Непал сейсмикалық белсенді аймақта орналасқандықтан жиі жер сілкінеді. 2015-ші жылы 2 жойқын зілзаладан 9 мың адам көз жұмған еді.

- Зілзала кезінде үйдің төбесі мен бір қабырғасы құлап әйеліміз екеуімізді басып қалды. Біраз уақыт ауа жетпей қиналдық. Содан терезенің жақтауы да құлап, саңылау пайда болды да сол арқылы айқайлап, қызыма белгі бердім. Ол далада ұйықтайтын. Қызым дереу шақырған құтқарушылар бізді үйінді астынан шығарып алды, – дейді непалдық тұрғын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев