USD
USD
USD

Неміс депутаттары жалақысын көтеруден бас тартты

Бундестаг 2026 жылы депутаттардың жалақысын жоспарлы түрде арттырудан бас тартпақ.

Бундестаг
Фото: bundestag.de

Астана, NEGE. Dpa агенттігінің мәліметінше, заң жобасы 11 маусымға жоспарланған парламент отырысының күн тәртібіне енгізілген.

Бұл бастаманы Христиан-демократиялық одақ пен Христиан-әлеуметтік одақ блогы, сондай-ақ Германияның социал-демократиялық партиясы сияқты билеуші фракциялар көтерген. Олар осылайша сайлаушыларға күрделі қаржылық-экономикалық жағдайда үнемдеу шараларын қолдауға дайын екенін көрсетуді көздеп отыр.

Төлемдерді арттыруға оппозициядағы «Союз-90/Жасылдар», оңшыл-популистік «Германия үшін балама» (АдГ) және Солшыл партия да қарсы шыққан. Осылайша бұл бастама Германияда кең саяси қолдауға ие болып отыр

Бұған дейін Бундестагтың 630 депутатының әрқайсысына төленетін айлық төлем шамамен 500 еуроға өсіп, 12 330 еуроға жетеді деп жоспарланған еді. Бұл өсім Германиядағы жалақы деңгейінің артуына байланысты автоматты түрде есептеледі.

YouGov жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, Германия тұрғындарының 85 пайызы депутаттардың жалақысын көтеруге қарсы екенін білдірген.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу