USD
USD
USD

«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

Черногорияда «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды.

Дина Тәңсәрі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол ұсталарының алдында қысқа видеоүндеу жазып үлгерген. Ертең оны экстрадициялау мәселесі бойынша сот отырысы өтеді.

«Мені қазір ғана ұстап, Подгорица полициясына алып келді. Ертең экстрадиция бойынша сот болады. Не болатынын білмеймін, бірақ таңға дейін ұстау туралы айтты. Неге бұлай жасағанын түсінбедім, бірден сотқа апаруға болар еді. Қазір достарымнан қолдау сұраймын. Бар үмітім – экстрадиция болмайды дегенге», – дейді ол видеоүндеуде.

Естеріңізге сала кетейік, «НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәріге қатысты бірден алты қылмыстық іс қозғалып,  іздеу жарияланған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек