USD
USD
USD

Немқұрайды дәмханалар сотқа тартылып жатыр

Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды, - деп хабарлайды аlmaty.tv. Телеарна мәліметінше, кезекті тексеруге шыққан Бостандық ауданының бақылау тобы жұмысын дәмханалардан бастады.

Немқұрайды дәмханалар сотқа тартылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Антисептиктің орнына су құйғанынан бөлек, бұл дәмханада клиенттердің дене қызуын өлшейтін тепловизорды тек тексеруші топ кіріп келгенде ғана қолданыла бастады. Температура көрсеткішін тізетін журнал да болмай шықты. 

"Біріншіден, сол нысанның басшысы лауазымды адамды бұйрық бойынша бекітпейді. Сол адам жауап беруі керек қой  сол нысанға. Сосын маска көп жерлерде жеткіліксіз. Антисептиктің орнына бос құтыны пайдаланып, су құйып қояды. Сосын көп жерлерде тепловизор болғанымен, ешкімді өлшемейді", – деді Бостандық ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Сәуле Алпамышева.

Сондай-ақ, телеарна мәліметінше, санитар мамандар кеше Медеу ауданындағы бірнеше кәсіпкерлік субьектілерін тексерді. Нәтижесінде 1 дәмхана жұмысын тоқтатып, азық-түлік дүкендеріне ескерту жасалды. Мұнда арақашықтықты сақтайтын сызықтар сызылмаған. Санитарлық нормаларға немқұрайлы қарағандардың ісі сотқа жіберіледі

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев