USD
USD
USD

Неліктен қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға болмайды? – Полиция түсіндірді

Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заңнамадағы өзгерістер туралы ақпараттандыру жұмыстарын бастады.

Никаб
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Заңдағы жаңа норма 12 шілдеден бастап күшіне енді.

– Заңнамаға енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың тұлғасын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау, – деп түсіндіреді тәртіп сақшылары.

Учаскелік инспекторлардың айтуынша, тыйым адамның бет-жүзін толықтай жауып, тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киім түрлеріне қатысты. Мысалы бетперде, никаб сияқты киімдер. Ал бет-жүзді жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира секілді киімдерға бұл норманың қатысы жоқ. Бұл тыйым ауа райының жағдайына, медициналық көрсеткіштерге байланысты қолданылатын киімдерге қатысты емес. Сондай-ақ бұл норма Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау, азаматтық қорғау, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысатын адамдарға қолданылмайды. 

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті

Қазақстанда зейнетақы жүйесі қалай өзгермек?

Зейнетақы, ақша, есеп

Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды: ДСМ мән-жайды түсіндірді

Ербаян Мұхтар

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.