Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған
10 мамырда басталған негізгі ҰБТ кезінде барлығы 391 ереже бұзушылық анықталған. Соның ішінде 145 түлек тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысына арналған есебінде айтылған.
«246 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді», – делінген ведомство хабарламасында.
Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталмаған. 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылмақ.
Жалпы негізгі ҰБТ басталғалы талапкерлер 187 мың рет сынақ тапсырған. Оның ішінде жалпы тест тапсырушылардың 73%-ы қазақ тілін, 27%-ы орыс тілін таңдаса, 323 рет қана ағылшын тілінде тапсырылған.
Төртінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 64 балл десек, ең жоғары нәтиже – 140 баллды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 556 талапкер тестілеуден өткен.
Қазір оқып жатыр
Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?
Назарбаев Amanat партиясына мүше емес – Айдос Үкібай
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Қырғызстан азаматы ФСБ тапсырмасымен Украина барлаушысын өлтіруге оқталды деп айыпталуда