«NEGE-нің көп көмегі тиді»: Жерлесіміз Ұлыбританиядан АҚТАЛЫП келді
жазған болатынбыз. Жерлесіміз бірер күн бұрын редакциямызға хабарласып, қылмыстық істің жабылғанын айтып, сүйінші сұрады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ол Лондонға келген күннен бастап Тәжікстанның Памир аймағынан келген азаматтарымен жанжалдасып қалған. Мәселенің барлығы жалға алып тұрған үйдегі тұрмыстық кикілжіңдерден басталған. Ол өзіне және досына шабуыл жасағандардан қорғанамын деп жүріп олардың өздерін сойып салған.
Елден ұшып кетпек болғанда оны Лондон полициясы ұстап, қамайды. 24 сағаттан кейін Бекзат Аманжоловты кепілмен және өзі тұрған үйге мүлдем жоламау, куәгерлермен, жәбірленушілермен сөйлеспеу шартымен босатқан.
Коллаж: NEGE
Кейіннен ол визаның уақыты өтіп кеткеннен кейін Лондонда жұмыссыз қалғанын айтқан еді. Өзінің бұрынғы жұмыс орны мезгілмен істейтін болғандықтан, ол да тоқтап қалған. Амалы таусылған жерлесіміз елшілікке үміт артып барған. Олардың да нақты көмек бермегенін NEGE-нің әлеуметтік желі парақшасындағы тікелей эфирде мәлімдеген еді. Тікелей эфирде Бекзат Аманжолов өзінің нақты талаптарын да баяндаған.
Көп ұзамай Бекзат Аманжоловтың үстінен қозғалған қылмыстық іс оң шешімін тауып, жабылған. Жерлесіміз редакциямызға болған жағдайдың мән-жайын өзі айтып берді.
Оның айтуынша, диаспора өкілдері шағымдарын кері қайтарып алған.
«Маған шабуыл жасаған жігіттерді тергеушілер шақырып, «істі ары қарай жалғастырасыздар ма?» деп сұраған. Олар жалғастыруға құлықты емес екендін айтыпты. Сонымен қатар, ешқандай шағымдары жоқ екенін алға тартқан. Кінә өздерінен де болғанын мойындаған. Сонымен іс жабылды.
Егер шағым болмаса, қылмыс та жоқ. Мені толығымен ақтап шықты. Төлқұжатымды қолыма ұстатып: «Не істесең де өзің білесің», – деп шығарып салды. Осы жерде қалып, ары қарай да жұмысымды жалғастыруыма болатынын айтты. Ешқандай шектеу жоқ, Қазақстанға қайтуыма жол ашылды. Болашақта да виза алуыма ешқандай кедергі болмайды.Осылайша барлығы оң шешімін тауып, жақсы аяқталды. Істің оң шешілуіне NEGE порталының көп көмегі тиді», – дейді Бекзат Аманжолов.
- «Бұзықтардың тұмсығын жетіскеннен бұзған жоқпын»: ЛОНДОНДА бәлеге ұрынған жерлесіміз МЕМЛЕКЕТТЕН әлі көмек күтіп жүр
Бұл жағдайда Сыртқы істер министрлігінен ешқандай көмек болмағанын жеткізді.
«Сыртқы істер министрлігі маған ешқандай жауап берген жоқ. Осы даудан кейін олар сәл де болса қозғалған шығар деген ойдамын. Бәлкім, Ұлыбританияның құзырлы орындарына хат та жазған шығар, ол жағын білмедім. Ал жеке өзіме жауап берген жоқ» – деді жерлесіміз.
Бекзат Аманжоловтың үстінен қозғалған қылмыстық іс 25 сәуірде тоқтаған. Сол аптаның ішінде дереу Қазақстанға қайтқан. Айтуынша арыздарын қайтып алған диаспора өкілдерімен ешқандай байланысқа шықпаған.
«Басымнан өткен осы жағдайға байланысты мына нәрсенің астын сызып айтқым келеді. Маған ең алдымен халық көмектесті. Жанашыр ағамыз көмек қолын созды. Дағыстанның мықты азаматтары қолдау білдірді», – дейді ол.
Ұлыбританиядан ақталып келген Бекзат Аманжолов енді елде қалып, жұмыс іздейтін айтты.