3 Желтоқсан 16:59
...

«NEGE»-нің фототілшісі «Үздік фоторепортаж» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

Фото:

Nege.kz сайтының фототілшісі Сәрсенбек Қызайбекұлы  "Үздік фоторепортаж" номинациясы бойынша марапатталды.

Алматы. NEGE.  2020 жылы Алматы қаласының дамуы тақырыбын жариялау бойынша БАҚ және блогерлер арасында байқау өтті. Тәуелсіздік күніне орай БАҚ арасында өткен байқау қорытындысы шығарылды.

Ержан Бабақұмаров БАҚ өкілдеріне алғыс айтып, Алматының дамуы туралы байқау жеңімпаздарына марапаттарды тапсырды.

Байқаудың "Үздік фоторепортаж" номинациясы бойынша Nege.kz сайтының фототілшісі Сәрсенбек Қызайбекұлы жеңімпаз атанды.

Сәрсенбек Қызайбекұлы пандемия кезіндегі қала тұрмысы жөнінде фоторепортаждар жасап, халықтың тыныс-тіршілігін фотомен жеткізген болатын.

Марапаттау рәсімі барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров журналистер жұмысының маңыздылығын атап өтті және мегаполис әкімшілігінің коронавирустық пандемиямен күресте қабылдаған шараларына ерекше назар аударғаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгін күні БАҚ-тың атқаратын рөлі айрықша. Сіздер қажырлы еңбектеріңіз бен белсенді ұстанымдарыңыз арқылы қала тұрғындарына алматылық ынтымақтастықтың құндылықтарын түсіндіріп, жеке өздерін қорғау мен қоғамдық денсаулық деңгейін арттыруға айтарлықтай ықпал еттіңіздер. Қала тұрғындарының пандемияны қалай қабылдайтыны, эпидемиялық талаптарды сақтауға қаншалықты сабырлы әрі жауапкершілікпен қарайтыны  сіздермен бірлескен жұмысымызға тікелей байланысты болды, - деп атап өтті Е.Бабақұмаров.

Тәуелсіз байқау комиссиясының мүшелері БАҚ өкілдері атқарған жұмыстардың барынша маңызды әрі өте күрделі екенін ерекше атап өтті.

«Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында айтулы оқиға орын алуда. Біз  журналистиканың басты қағидаттары болып табылатын әділдік пен ашықтықты қайта жаңғыртудмыз. Тәуелсіз Қазақстанның журналистері еліміздің дамуына орасан үлес қосуда. Ал, Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Қазақстан журналистерін осынау ару қалада білім алды, шыңдалды, журналистиканың қыр-сырын меңгерді. Журналистер қауымы даму үстінде, бүгінгі өмір талаптарына сай әлеуметтік желілер, блогерлер пайда болуда", - деп атап өтті профессор, т.ғ.д., академик, Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.

Тегтер: