USD
USD
USD

NEGE.KZ порталы ашылғанына 1 жыл толды

Былтыр дәл осы күні «сен тұр – мен атайын» дейтін сайыпқыран қыз-жігіттермен бірге сайттың тұсауын кестік.  «Nege.kz не айтады?» деп алғысөз жазған екенбіз. Одан бері де бір жыл өте шығыпты.

NEGE.KZ порталы ашылғанына 1 жыл толды
Фото: NEGE.kz

Ақпараттық-сараптамалық сайттың жұмысы үшін бір жыл аз ба, көп пе? Меніңше, аз да, көп те емес. Аз болмайтын себебі, бір жылда біздің порталдың күнделікті тұрақты оқырманының саны 15 мыңға жетті. Ал енді көп болмайтыны, үніміз жүздеген мың оқырманға дәл осы сәтте естілсе екен дейміз. Оған бір жыл аздық етеді екен. Бір жылда айтып үлгергеніміз – айтпағымыздың жүзден бірі ғана.

Жыл айналып келгенше талай нәрсені бастан өткердік. Жақсысын да, жаманын да. Тұсауымыз кесілгені сол еді, коронавирус деген тажал төтеннен келді. Карантин, бюджеттің бұзылуы сияқты нәрселер сайт жұмысына көп кедергі келтірді. Одан да аман өттік. Амандығымыздың себепшісі – Сіздер!

Nege.kz порталын көзден таса қылмай жүрген оқырмандарға, тілекшілерге редакция ұжымы атынан алғыс айтамын. Өзіңіз білесіз, біздің қоғамда «Неге?» деген сұрақ көп. Бірақ сол көп «негенің» жауабы жоқ. НЕГЕ?

Сұрағыңызға жауап тапқыңыз келсе, Nege.kz порталынан көз жазбаңыз, құрметті оқырман!

Ерік Рахым, Бас редактор.        

Қазір оқып жатыр

«Бұл одақ барлық жағынан қолайлы»: Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшыға тұрмысқа шығуы мүмкін

Жавохир Синдаров, Бибісара Асаубаева

4500 беттен тұратын талап-арыз түскен: Германия тұрғындары соттарды ЖИ арқылы әбігерге салуда

сот

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген