USD
USD
USD

НЕГЕ үш банк Ұлттық Банктің міндетті талаптарын орындай алмады?

Банктердегі депозиттер көлемі 15,2% өсіп, 19 трлн теңгеге жетті. Бірақ бірнеше банктің қаржылық тұрақтылығы төмен болып отыр деп жазады, Finprom.kz. Қиындық көріп отырғандар Capital Bank Kazakhstan, AsiaCredit Bank пен Tengri Bank. Соңғысының жағдайы әсіресе мәз емес.

НЕГЕ үш банк Ұлттық Банктің міндетті талаптарын орындай алмады?
Фото: NEGE.kz

Банк проблемаларының коронавирус пандемиясына қатысы шамалы. Үшеуі қосылып ортақ жүйенің 1% үлесін ғана құрайды. Демек, жабылып қалса да қаржы нарығы оны сезбеуі мүмкін. Capital Bank Kazakhstan 2019 жылдың басынан бастап пруденциалдық нормативтерді сақтамай келеді. AsiaCredit Bank талаптарды 8 ай бойы, Tengri Bank 4 ай бойы сақтамай отыр.

 

Аталған банктердің ірісі Tengri Bank десек, мамыр айының аяғында банктің активтері бір жыл ішінде 23,3% төмендеп, 101,3 млрд теңгеге құлдыраған. Естеріңізде болса, сәуірде банк күніне 50 мың теңгеге дейін ақша лимитін енгізіп, клиенттердің наразылығын тудырған болатын. Бірақ сәуірдің аяғында Tengri Bank-тің ірі акционері банкті капиталдандыра бастаған. Бірақ ол қаржы пруденциалды нормаларды орындауға жетпей отыр. Биыл маусымда ағымдағы өтімділік коэффициенті бар жоғы 0,944 құрап отыр. Бұл қаржы реттеушісі белгілеген ең төменгі мөлшерден айтарлықтай аз.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси