USD
USD
USD

«Неге?» ток-шоуы НЕГЕ тоқтап қалды?

«31 арнадан» шығып келген «Неге?» саяси-ток шоуы тоқтап қалды. Мұның себебін арнаның ақпараттық бағдарламалар директоры Болат Мүрсәлім Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Неге?» ток-шоуы НЕГЕ тоқтап қалды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ерқанат Көпжасарұлы жүргізген «Неге?» хабары эфирге шыққаннан бастап плюралистік қағиданы ұстауға тырысты. Хабарға билік өкілдері де, билікті сынап жүрген оппозиция да, бұл екі тарапқа да қатысы жоқ тұлғалар да қатысты. Ешкімнің көзқарасына, қызмет лауазымына, жасына т.б. шектеу болмады. Бірнеше хабар реознанс тудырып, осы фейсбук, Youtobe-та жақсы талқыланды.

Жан жақтан болған қысым, соғылған қоңырауларға қарамастан, талай жыл бойы бір сағаттан асатын хабарға қатыспақ түгілі, эфирден он секундтық сөзі (снх) берілмей кеткен бірнеше азамат «Негеде» қонақ болды. Қоғамның өзекті, әлеуметтік желіде ғана талқыланатын талай мәселесі осы ток-шоуда ашық, еркін пікірталасқа салынды. Сол себепті бұндай хабардың рейтингі де жаман болмауы тиіс еді.

Әрине, саяси бағыттағы, хайп қуаламайтын хабардың өте жоғары рейтингке ілігіп кетуі де сирек. Сонда да белгілі дәрежеде бұндай хабарлар өзін өзі ақтайтын деңгейге жетуі керек еді. Бірақ, олай болмады. Сондықтан, «31 арна» «Неге?» хабарын тоқтату туралы шешім қабылдады. Дегенмен, хабар әзірге жабылған жоқ. Арна хабарды ары қарай да жалғастыру жолын іздеп жатыр», – деп жазды Б.Мүрсәлім.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жаңа Жолдауын әзірлеп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз