USD
USD
USD

Қазақстан экономикасы 2021 жылы едәуір бәсеңдемек

Халықаралық валюта қорының (МВФ) 13 қарашада жарияланған Қазақстанға қатысты соңғы мәлімдемесі керемет бір оптимизм тудыра қоймады. Қордағы сарапшылар Қазақстан экономикасының өсуі биылғы 4,1 пайыздан 2021 жылы 3,6 пайызға түседі деп отыр. Негізі экономикалық трендтер де соны меңзейді.

Қазақстан экономикасы 2021 жылы едәуір бәсеңдемек
Фото: NEGE.kz

Жалпы құжатта екі жақсы жаңалық бар. Біріншісі – жыл өткен сайын инфляция азаяды. Биыл инфляция 5,7 пайыз болса, 2021 жылы 4,7 пайызға түспек. Екіншісі – ішкі жалпыұлттық өнім құрылымында мұнайдан тыс табыстар көлемі артпақ. Егер осы үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы 20 жылда мұнайға деген тәуелділіктен арылуға болады.

Nege.kz экономикалық сарапшылар тобының пікірінше, біздің экономикалық өсім деңгейі 5 пайызға жетпейінше, халықтың әл-ахуалын жақсарту мүмкін емес. Үкімет қаншама қуанышты рапорт таратса да, жағымды жаңалықты қарапайым халық сезіну үшін өсім кемінде 5 пайыз болуы тиіс. Бірақ оған Қазақстан алдағы 6-7 жылда қол жеткізуі екіталай. 

Сонымен бірге МВФ қазіргі есеп сальдосы мен тікелей инвестициялардың өсетінін, алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордағы қаржының азаймайтындығын болжады. Қазақстанның сыртқы қарызының ішкі жалпы ұлттық өнімге шаққандағы үлесі төмендемек.

Жалпы бір сөзбен айтқанда, МВФ Қазақстанның экономикалық жағдайының алдағы 2 жылда жақсы да, жаман да емес, бірқалыпты болатынын меңзеп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy