USD
USD
USD

Неге коронавирус жұқтырған отбасы мүшелері ауруды жиі таратады?

Ғалымдар коронавирус жұқтырған отбасы мүшелері ауруды жиі тарататынын айтты. Зерттеу Science журналында жарияланды.

Неге коронавирус жұқтырған отбасы мүшелері ауруды жиі таратады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытай мамандары COVID-19 вирусының қандай жолмен жиі тарайтынын анықтамақ болған. Осы мақсатта ғалымдар Хунан провинциясындағы 1178 науқас пен олармен байланыста болған 15 648 адамның мәліметіне талдау жүргізген. Нәтижесінде мамандар коронавирус жұқтыру қаупі адамдар бір-бірімен байланыста болғанда артатынын анықтаған.

Сонымен қатар, адамдар инфекцияны медициналық мекемелерде, қоғамдық көліктер мен тамақтану орындарында жұқтырғаны белгілі болды.

Мамандар вирустың таралу қаупі туыстармен байланыста болғанда, отбасымен бірге тұрғанда едәуір өскенін байқаған.

Ғалымдар үйде COVID-19 вирусын жұқтырған науқас болғанда, инфекция жұқтыру қаупі күн сайын 10 пайызға артады деген қорытынды жасаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy