21 Маусым 16:55

NEGE APTA | #17 ШОЛУ

Фото:

Дүниежүзілік банк кәсіпкерлікті дамытуға 11 млн доллар бөлді. Ал оның қызығын тәжікстандықтар көрейін деп отыр. Яғни, Тәжікстанда жаңа кәсіп ашатындарға арналған бағдарлама басталды. Кәсіпкерлерге қаржылай көмек беріледі. Шағын кәсіп ашқысы келгендер 5 мың долларға жуық қаржы ала алады. Дүйсенбі таңы осы ақпаратпен басталған-ды.


«Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты қашан өтеді? 2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанатының мерзімі ауысты.  Айтулы мерекелік шара келесі жылы 25 сәуірде өтетін болды. Коронавирусқа байланысты биыл жыл соңында жарыққа шығуы тиіс бірқатар фильм жұмысы бітпей қалған. Сол себепті «Оскар» салтанатын ұйымдастырушылар фильмдерді таныстыру мен сыйлыққа ұсыну уақытын созды. Сыйлықтан үміткер туындылар тізімі алдағы жылдың 15 наурызында жариялады. Сыйлық тапсыру салтанатын онлайн немесе оффлайн форматта өткізу туралы шешім әлі қабылданбаған. Ал, сіз құрметті көрермен биыл жарыққа шығатын қандай фильмді күтіп жүрсіз?


«R.O.I.» тұтыну кооперативі халықты алдап жүр ме? Nege.kz порталының тілшісі «R.O.I.» тұтыну кооперативінің заңға қайшы әрекетін Қаржы комитеті әшкерелегенін анықтады. Заңсыз ұйымды Орал қаласының тұрғыны Арген Нұржанов басқаратыны белгілі болды. Павлодар облысында 2019 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келген қаржы пирамидасы жабылды. Тоғыз айдың ішінде бұл ұйым Қазақстанның 14 аймағы мен 17 қаласында 22 өкілдік ашқан. Кооператив ұйымдастырушылары жұртқа «жылдық пайызсыз қолжетімді баспана алуға көмектесеміз» деп уәде берген. Ұйымға мүше болу үшін әуелі 180 мың теңге көлемінде кіру жарнасын төлеу керек, артынан ай сайын 50 мың теңгеден 10 ай бойына төлем жасауы тағы бар.


№7 «балалар концлагері». Алматының білім басқармасы не дейді? Интернет желісінде баланы аяусыз ұрып-соққан бейнежазба жарық көрді. Бұл Алматы қаласындағы №7 балабақшада болған оқиға екен. Бейнежазбадан ұққанымыз, бетіне медициналық маска таққан жас тәрбиеші өзін тыңдамаған баланы асқан озбырлықпен ұрып, бөлек бөлмеге қамап қойған. Тіпті, кішкентай баланы құлақтан бұрап, желкелеп жатыр. Мұны көрген ата-аналар «балалардың тәрбиесін кімге сеніп тапсырдық?» деп шыр-пыр. Тілшіміз аталған бассыздық жайлы сараптама дайындаған еді. Жазықтылар өз жасасын алды ма мұны да сұрап білген екен. Оқып шығу үшін сайтымызға кіріңіз.
Жетісайлық бағбан табысын 5 миллионға арттырды.


Қарақай ауылдық округінің тұрғыны Жұпарбек Керімбеков кәсібін үйінің жанындағы бау-бақшадан бастаған. Шаруа алғашқы кезде ауласындағы 15 сотық жерге қызанақ егіп, 1 қорабын 2500 теңгеден сатып келген. Бүгінде миллионерге айналған бағбан жайлы да сайтымыз жазды. Еңбек түбі – береке екендігін түркістандық бағбан тағы бір дәлелдегендей.

Тегтер: