Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

NEGE APTA | #15 ШОЛУ

Ресейде дүйсенбі күні 9 мың адамнан коронавирус анықталған. Сондай-ақ, осы тәулікте162 науқас қайтыс болыпты. Осылайша Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 450 мыңға жетіп отыр. Солтүстіктегі көршімізде вирус жұқтырғандар сәт сайын көбеюде. Әлемде де жалпы саны 7 миллионға жетіп қалды. Аталған тақырыпты сайтымыз назардан тыс қалдырмайды.

NEGE APTA | #15 ШОЛУ
Фото: NEGE.kz

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Армениядан Қазақстан Республикасына әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды. Бірінші күні қазақстандық есепке 105 автокөлік қойылды. Біршама уақыт мәселе болып, көпті әбігерге салған бұл жай автокөлік иелерін қуантып тастады. Шетелдік көліктерді елге тіркеу үшін қайтпек керек? Бұл жайлы сайтымыздан толығырақ біле аласыз.

Қазақстан 2020 жылы 100 мың бас ірі қара мал мен 300 мың бас ұсақ қара мал сатып алуды жоспарлауда, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров. Министр мал шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалар мен олардың жобалық бюджетін айтып өткен еді. Сайтымыз толықтырып жазды.

Бұдан былай заңды түрде лотерея операторы болып бекітілмеген тұлғалар ұтыс өткізсе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни алаяқтар жазасыз қалмайды. Сенат лотерея қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады. Толықтыруда лотерея ойнаушылардың құқығы мен заңды мүддесі қорғалады делінген. Жарнама заңына сәйкес, лотереяны жарнамалауда шектеулер болады.

Соңғы кездері Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке қатысты әңгіме көбейіп кетті. Әкімнің имиджін көтеруге жүздеген миллион теңге бөлінуі, қоғамда мұның қызу талқылануы, Байқоңыр ауданы әкімі мен Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының істі болуы тағысын-тағылар оған қатысты дау шоғын қоздата түскендей... Көлгінов отставкаға арыз жазыпты» дегенді де құлағымыз шалды. Бұл қаншалықты рас? Сайтымыздың бас тақырып айдарынан аталған сауалға жауап таба аласыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев