USD
USD
USD

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

NEGE редакциясы ресми Telegram-арнасын айнытпай көшірген жалған арнаны анықтады. Онда NEGE-нің жазбалары, безендірілуі, бекітілген посттары және тіпті жазылушылар санына дейін қайталанған. Сол себепті жалған арнаны бір қарағанда ресми арнадан ажырату қиын.

Nege
Фото: NEGE

Шамамен үш күн бұрын редакция NEGE-нің ресми Telegram-арнасында күмәнді белсенділікті байқаған еді. Бір тәуліктің ішінде арнаға ботқа ұқсайтын жүзден астам аккаунт жазылып, қаралым саны да өскен.

Кейін редакция жалған арнадан Азат Перуашев туралы материалды байқады. Жазба NEGE оны тамыз айында жариялағандай етіп көрсетілген. Алайда редакция мұндай материалды ешқашан жариялаған жоқ. Бүгін сол арнада Перуашев туралы тағы бір жазба шықты.

Бұған дейін Азат Перуашев туралы ақпарат осыған ұқсас тәсілмен Exclusive басылымының атын пайдаланған жалған сайттар арқылы да тараған.

NEGE редакциясы бұл материалдарға еш қатысы жоқ екенін мәлімдейді. Олар Nege.kz сайтында да, Nege.kz және Nege.Aqsha Telegram-арналарында да, редакцияның TikTok, YouTube және Instagram желілеріндегі ресми парақшаларында да жарияланған жоқ.

Оқырмандардан, әріптестерден және басқа БАҚ өкілдерінен NEGE атынан тараған ақпаратты бөліспес бұрын оның қай арнада және қай сайтта жарияланғанын мұқият тексеруді сұраймыз.

Редакция жалған арнаны кім құрғанын және кім жүргізіп отырғанын анықтау, сондай-ақ NEGE атынан жалған ақпарат тарату әрекетіне құқықтық баға беру үшін құзыретті органдарға жүгінеді.

Аделаида Ауеспекова,
NEGE бас редакторы

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC