USD
USD
USD

НЕГЕ біз...

Алла мына 18 мың ғаламды неге жаратты? Неге бізді ұлт пен ұлысқа бөлді? Неге сол ұлыста отырып өзгеге есе жібердік? Неге зұлмат жылдар ұзында өшіміз, қысқада кегіміз кетті? Неге отыз жылда дүниеміз тістегеннің аузына, ұстағанның қолына өтті? Неге.. неге... неге?!

Журналист
Фото: ғаламтордан

Біздің қоғамның көкейін тескен ең басты сұрақ осы болып тұр. Соның жауабын еліммен бірге іздейін, тапсам қуантайын, таппасам ақиқатын айтып жұбатайын деп жүрген сайттардың бірі әрі бірегейі NEGE 5 жасқа толып отыр. Порталды құрған сәтте азаматтардың қалай толғанғаны, ойланғаны есімде. Талай сұрақ сүзгіден өткен.

Ақыры әзірге сауалдардың ең маңыздысы «неге?» болып тұр дегенге тоқталды. Неге біз... деген тағандық философиядан, дәрменсіз күйден құтылмағанымызды меңзегендері.

Содан бері ел жоғын түгендеп келеді. Портал алға баса берсін, азаматтар! Негеден өтіп, қалай алға басатынымызды, қайтіп ірге бекітетінімізді дөп көрсететін бағыт сілтер биікке жете беріңіздер!

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, журналист.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы аннуитеттерінің жаңа нұсқалары ұсынылмақ

Зейнетақы аннутитеті

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ