USD
USD
USD

NEF Qazaqstan басшысына іздеу жарияланды

Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясы NEF Qazaqstan компаниясының басқарушы серіктесі Тарык Волкан Оскайға іздеу жариялады.

Тарык Волкан Оскай
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол жайлы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

«Қылмыстық іс бойынша азамат О. сырттай күдікті ретінде танылды. Кейіннен сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Қазірг күдіктінің тұрған жерін анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

NEF Qazaqstan компаниясы Түркиялық NEF құрылыс холдингінің құрамына кіреді.

2023 жылдың күзінде NEF Qazaqstan компаниясы Astana International Exchange (AIX) алаңында дефортқа ұшыраған. Компания 4 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарыз бен 402 млн теңгеден астам купондық төлемді өтей алмаған.

Сондай-ақ Тарык Оскай қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен бірге Comfort Hotel Astana қонақүйінің иесі болған. Қаңтар оқиғаларынан кейін бұл нысан мемлекет меншігіне өтті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек