USD
USD
USD

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми қоғамдастықпен кездесуде сөйлеген сөзінде Ғылым қорының жұмысына тоқталып өтті.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент келтірген мәлімет бойынша, үш мыңнан астам ғылыми жобаның тек 193-і ғана коммерцияландыруға лайық деп танылған, ал нарыққа бар-жоғы 29 жоба ғана шыққан.

«Өкінішке қарай, индустрияға әсері, қайтарымы өте аз.

 

Қордың қызметін қайта саралау қажет. Өзімізді алдаудың не қажеті бар? Ғылым бар сияқты, бірақ оның нақты пайдасын көрмей отырмыз» – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ғылым қорына инновацияны ынталандыруға арналған жаңа құзыреттер берілгенімен, жұмыс нәтижесі жоқ екенін, тіпті қылмыстық істер қозғалғанын сынға алды. 

«Жұмысында олқылықтарға жол берген Ғылым қоры мемлекет қаржысын қайтармағаны өз алдына, тіпті, құқық қорғау органдарына да шағымданбаған. Ештеңе болмаған сияқты. Алайда құқық қорғау органдары грант ретінде алынған ақшаның кейін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен Ғылым қоры қызметкерлеріне аударылғанын әшкереледі. Тексеріс нәтижесі бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды.

 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өзім шынайы құрметпен қарайтын ғылыми қызметкерлер туралы осындай ұятты деректерді ашық айту оңай емес» – деді Президент.

Ол жауапкершіліктің болмауы, бақылаудың нашарлығы және процестерді цифрландырудың төмен деңгейі осындай жағымсыз жайтқа әкеп соқтыратынын айтты.

Президенттің айтуынша, барлық ғылыми әзірлеме қолданбалы мәнге ие болып, экономиканың нақты секторларына белсенді енгізілуі керек. Бұл ретте Мемлекет басшысы шынайы табысқа жету үшін сәтсіздіктерден сабақ алуымыз керек екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық