USD
USD
USD

Не боп барады? Індет жұқтырғандар 283-ке жетті

Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 283-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық министрлігінің жедел желісі хабарлады.

Не боп барады? Індет жұқтырғандар 283-ке жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 23:30 жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Алматы қаласында - 3 адам, Атырау облысында - 6 адам, Алматы облысында - 2 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 283 науқас тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком