USD
USD
USD

Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды

Амманда (Иордания) бокстан өтіп жатқан 2022 жылғы Азия чемпионатында Назым Қызайбай жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Назым Қызайбай 1/8 финалда 50 келіге дейінгі салмақта тай боксшысы Чутхамат Раксатпен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз ширек финалға жолдама алды.

Азия чемпионатында әйелдер арасынан еліміздің атынан алда әлі Алуа Балқыбекова (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) сынды спортшы қыздар өнер көрсететінін еске сала кетелік.

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық