USD
USD
USD

«НАЗАРБАЕВТЫҢ сенімді кадры ұсталды»

«Тұңғыш президент – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур ШАЙМЕРГЕНОВТІ арнайы қызмет өкілдері ұстады», – деп хабарлады Silk Road телеграм-каналы.

«НАЗАРБАЕВТЫҢ сенімді кадры ұсталды»
Фото: NEGE.kz

Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Т.Шаймергеновті өткен жылдың аяғында ұстаған. Онымен бірге әйелі Гүлнар да істі болған.

Т.Шаймергенов. Фото: ғаламтордан.

«Тимур Шаймергенов өткен жылдың желтоқсан айының ортасында ұсталған. Ол Тұңғыш президент Н.Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары болған. Оның ұсталғаны жайында ақпаратты бізге Астанадағы дереккөз хабарлады. 15 желтоқсан күні Шаймергеновті әйелімен бірге арнайы қызмет өкілдері ұстаған.

Ол туралы не білеміз? Тимур Шаймергеновтің жасы 40-та. Жамбыл облысының тумасы. Алматыда оқыған. Еңбек жолын 2000-жылдары әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да аудармашы болып бастаған.

Т.Шаймергенов – Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді әрі адал кадры. Ол тұңғыш президентпен бірге бірнеше жыл жұмыс істеген. Тіпті экс-президент туралы кітап жазған.

Сондай-ақ ол Назарбаев басқарған Қауіпсіздік кеңесінде де жұмыс істеді. Қорғаныс министрлігінде және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде вице-министр болды. Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеп үлгерді.

Фото: elbasylibrary.gov.kz

Соңғы жылдары ол экс-президент кітапханасында басшылық қызмет атқарды. Орталық Азия елдері және Қытай жөнінде сарапшы. Ұсталарынан бірнеше күн бұрын ғана Шаймергенов отандық БАҚ-тың біріне сұхбат берді.

Шаймергеновтің ұсталғаны жөнінде құқық қорғау органдары ресми хабарлаған жоқ», – деп мәлімдеді Silk Road.

Шынымен де бұған дейін құқық қорғау органдарының ешбірі «Назарбаевтың сенімді кадры ұсталғаны жөнінде» ресми хабарлаған жоқ. Оны қай орган ұстағаны да белгісіз.

NEGE порталы құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдайды.   

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID