USD
USD
USD

Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Алматыдағы ауруханада емделіп жатыр

Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш Алматыдағы жекеменшік ауруханалардың бірінде емделіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Алматыдағы ауруханада емделіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дереккөздің айтуынша, 16 тамызда Самат Әбіш Mercedes-Benz Gelendwagen автокөлігімен Алматыдағы түркиялық клиникаға келген. Оның салмақ тастағаны байқалады. Ешкімнің көмегінсіз өзі қозғалады. Алдын ала болжам бойынша, Самат Әбіш осы клиникаға келіп ем қабылдап кетеді. Ол сондай-ақ, ғимараттың төменгі қабатында орналасқан намазханаға да кірген.

Ақпараттық агенттіктің тілшісі аталған клиникаға барып, Самат Әбішті күткенімен, ол үйреншікті уақытта келмеген. Дегенмен, клиника қызметкерлерінің бірі Назарбаевтың інісінің ем қабылдағанын жоққа шығармаған.

Самат Әбіштің нақты қандай аурумен ауырып жатқаны белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт