Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Қазақстандағы ең жас миллионерлердің қатарына енді
Forbes Kazakhstan еліміздегі ең бай 75 бизнесменнің жаңартылған тізімін жариялады. Тізімге ДДСҰ жіктемесі бойынша жас буынға саналатын 44 жасқа дейінгі сегіз кәсіпкер енген.
Астана, NEGE. 41 жастағы Нұрәлі Әлиев 280 млн доллар байлығымен тізімде 41-орынға жайғасты. Қазақстанның тұңғыш президентінің жиені Дубайдағы Donatello Hotels and Resorts қонақүйлер желісіне және Алматыдағы Donatello Boutique Hotel қонақүйіне иелік етеді.
Қазақстандағы жас миллионерлер тізіміне, сондай-ақ, Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің қызы Айжан Есім кірген. 44 жастағы Айжан Есімнің 207 млн долларға бағаланатын байлығы «Қазфосфаттағы» үлесін сатудан түскен.
Тізімдегі ең жас кәсіпкер ретінде 35 жастағы Шахмұрат Мүтәліп аталған. Ол – Integra Construction KZ компаниясының бенефициары. Шахмұрат Мүтәліп 482 млн доллар байлығымен бірден 22-орыннан көрінді.
Сонымен қатар тізімге Тимур Турлов (38 жаста, 5,2 млрд доллар), Ғалымжан Есенов (44 жаста, 564 млн доллар), Алмаз Әлсенов (44 жаста, 204 млн доллар), Айғазы Құсайынов (42 жаста, 132 млн доллар) және Асқар Байтасов (41 жаста, 112 млн доллар) енген.
Қазір оқып жатыр
«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы
Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді
Қарағанды облысында 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады